Ұрпақтар есінде

Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейінде «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешенімен бірлескен іс-шара өтті. Іс-шара барысында музей қызметкерлері саяси қуғын-сүргін салдарынан жазықсыз жапа шеккен әйелдердің өмір жолы туралы мазмұнды баяндамалар жасады. Әсіресе ХХ ғасырдың бірінші жартысында орын алған тарихи оқиғалардың көлеңкесінде қалған жеке тағдырлар мен адам өмірінің қайғылы сәттеріне ерекше назар аударылды. АЛЖИР музей-мемориалдық кешені қызметкерлері өз мекемесінің тарихы мен қызметі туралы арнайы презентация ұсынып, лагерьде жазасын өтеген әйелдердің тағдырлары жайында әсерлі деректермен бөлісті. Сонымен қатар музей қорында сақталған бірегей экспонаттар таныстырылып, олар арқылы сол кезеңдегі тұтқындардың өмірі, тұрмыс-тіршілігі мен рухани төзімділігі жөнінде маңызды мәліметтер берілді. Іс-шараға Шахтинск қаласының кітапхана өкілдері мен Жартас кентіндегі мектептің мұғалімдері қатысты. Олар үшін бұл кездесу тарихқа тереңірек үңіліп, тарихи жадты сақтаудың маңыздылығын талқылауға мүмкіндік берді.

Сұрақтарыңыз бар ма? Бізбен хабарласыңыз: