Наурыз: жаңа ұрпақтын басты дәстүрлері

13 наурыз күні музейде көктемнің жарқын мерекелерінің бірі – Наурыз мерекесі қарсаңында өлкетану сағаты өтті.

        Кездесу барысында Долинка кентіндегі мектеп оқушылары Наурыз мейрамының тарихымен, оның мән-мағынасымен, символикасымен және дәстүрлі салт-дәстүрлерімен танысты. Бағдарлама аясында музей қорында сақталған бірегей экспонаттар – қазақ халқының ұлттық тұрмыстық бұйымдары көрсетілді. Оқушылар дәстүрлі киім үлгілері, киіз үйдің жабдықтары, ұлттық ыдыс-аяқтар, әшекей бұйымдар және халықтың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін басқа да заттар туралы мәлімет алды. Бұл таныстырылым балаларға қазақ халқының мәдениеті мен өмір салтының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

        Өлкетану сағаты жас ұрпақ үшін ата-бабалар тарихы мен дәстүрлеріне жақынырақ үңілуге жақсы мүмкіндік болды. Мәдениетке деген құрмет пен сүйіспеншілік қазақ халқының бай мұрасын сақтап, оны одан әрі дамытуға жол ашсын!


Сұрақтарыңыз бар ма? Бізбен хабарласыңыз: