Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі архивтік құжаттарды цифрландыру үшін Bookeye BE5-V3 Basic заманауи планетарлық кітап сканерін сыйға тартқан Слободскийлерге және олардың отбасыларына шын жүректен алғыс білдіреді. Слободскийлер – КарЛАГ-та жазасын өтеп, сол жерде қаза тапқан ақын әрі альпинист Михаил Иванович Слободскийдің ұрпақтары. Олардың тарихи жадыға бейжай қарамандарының арқасында музей бірегей құжаттар, хаттар, фотосуреттер мен жеке куәліктерді сапалы әрі жедел өңдеуге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, сканерді жеткізген және оны таңдау мен пайдалану бойынша кәсіби кеңестер ұсынған Grandstok компаниясына ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Жаңа сканер біз үшін тарихи мұраны сақтау және оны кеңінен насихаттау ісінде жаңа мүмкіндіктер ашады. Сіздердің бұл игі істеріңіз – мәдени-ағартушылық бастамаларды қолдаудың қаншалықты маңызды екенін көрсететін жарқын үлгі болып табылады.