«ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚУҒЫН-СҮРГІН САЯСАТЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБИЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

31-мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне және ҰОС Жеңістің 80-жылдығына орай Долинка кентіндегі КарЛаг музейінді «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қуғын-сүргін саясаты» атты республикалық ғылыми-тәжірибиелік конференция өтті.

Бұл конференция – тарихи әділдікті қалпына келтіру, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарлың есімін жаңғырту және ұрпаққа тағылым беру мақсатында ұйымдастырылды.

Конференцияға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, тарихшылар, архив қызметкерлері, музей мамандары, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Конференция тарихтың ащы сабақтарын ұмытпау, әділетсіздік құрбандарын еске алу және болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен еркіндік құндылығын сіңіру бағытында маңызды алаң болды.

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, оларға тағзым етіп, музей алаңындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Біз өткенді еске алу арқылы әділдікке жақындаймыз. Тарих – тек өткенннің сабағы емес, болашақтың бағдаршамы.

 

Сұрақтарыңыз бар ма? Бізбен хабарласыңыз: