Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай музейде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шара Шахтинск қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Қатысушылар тоталитарлық режимнің, 1930 жылдардағы ашаршылық пен жаппай қуғын-сүргіннің құрбаны болған миллиондаған қазақстандықтарды еске алды. Бір минут үнсіздікпен қатысушылар ел тарихының қайғылы беттеріне құрмет білдірді.

Сұрақтарыңыз бар ма? Бізбен хабарласыңыз: